Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатының финалына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатының финалына шықты

26.01.2023

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатының финалына шықты. Ол белорус спортшысы, Автралия ашық чемпионатының екі дүркін чемпионы Виктория Азаренконы 7:6, 6:3 есебімен ұтты. Бұл Еленаның аталған турнирдің ақтық кезеңіне алғашқы рет шығуы. Енді ол финалда Магда Линнет пен Арина Соболенко арасында өтетін кездесудің жеңімпазымен ойнайды. Бұл отандық спортшының мансабындағы «Үлкен дулыға» ойындарының екінші финалы болмақ. Өткен жылы теннисшіміз Уимблдон турнирінің жеңімпазы атанды. 

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу