Уимблдон-2022: Елена Рыбакина ширек финалда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Уимблдон-2022: Елена Рыбакина ширек финалда

05.07.2022

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемдегі ең беделді «Уимблдон» халықаралық турнирінің ширек финалына жолдама алды. Лондонда өтіп жатқан байрақты бәсекеде еліміздің нөмірі бірінші ракеткасы хорватиялық Петра Мартичтен екі сетта да басым түсіп, айқын жеңіске жетті. Әлемдік рейтингте 27-ші орында тұрған Рыбакина «Уимблдон» додасының алғашқы кезеңінен бастап, жарыс жолында төрт бірдей қарсыласын қапы қалдырды. Жалпы қазақстандық теннисші Ұлыбритания жеріндегі бәсі жоғары турнирде бұған дейін дәл бұлай сәтті өнер көрсетпеген. Бабы мен бағы қатар шапқан отандасымыз енді ширек финалда Айла Томляновичпен кездеседі. Бұл австриялық теннисшінің де «Үлкен дулыға» бәсекелеріндегі әзірге ең жоғары нәтижесі. Айта кетейік, Рыбакина мен Томлянович арасындағы кездесу 6 шілде күні өтеді.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу