Ақтауда МАЭ кәсіпорнындағы энергоблок іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда МАЭ кәсіпорнындағы энергоблок іске қосылды

10.07.2023

Ақтауда МАЭ кәсіпорнындағы энергоблок іске қосылды. Оның қуаты 150 МВт-қа дейін жеткізілді. Қазір комбинаттың жалпы генерациясы 565 МВт құрайды. «МАЭК» ЖШС Атырау өңіріне 36 МВт қуат беріп, Маңғыстау облысын электр энергиясымен қамтамасыз етуде. Ақтау қаласы мен облыстың елді мекендерінің тұрмыстық тұтынушыларын энергия ресурстарымен қамтамасыз ету бойынша шектеулер жоқ.

Айта кетейік, 3 шілдеде қазандыққа келіп тұрған тоқтың күрт артуына байланысты, №1 энергоблок мәжбүрлі түрде тоқтатылған болатын. Салдарынан Маңғыстаудағы ірі мұнай компаниялары мен Атырау өңірі, ондағы өнеркәсіптік нысандар жарықсыз қалды. 2 тәуліктен кейін энергоблокта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, іске қосылған болатын. Алайда бірнеше сағаттан кейін ол қайта істен шықты.


Аягөз Оралбай 

Хабарламаларға жазылу