Елорданың мерейтойына орай асық ойнайтын алаңдар ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорданың мерейтойына орай асық ойнайтын алаңдар ашылды

05.07.2023

Елорданың мерейтойына орай бас қалада асық ойнайтын алаңдар ашылды. Алматы ауданы бойынша «Студенттік саябақ», Есіл ауданында «ЭКСПО» аумағы, ал Сарыарқа ауданында Гүлдер саябағы, енді асық ойындарынан жарыстар өтетін орындарға айналмақ. Бұл алаңдардың ерекшелігі – QR-код арқылы асықтың тарихы, ойын түрлері мен ережелері туралы мағұлмат алуға болады.

Шара барысында асық ойынынан түрлі жарыстар өтіп, жеңімпаздарға сыйлықтар табыс етілді. Алаңның ашылуына Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров қатысты. Ол ұлттық құңдылықтарды, оның ішінде ұлттық спортты дамыту «Respublica» партиясының сайлау алды бағдарламасындағы бастама екенін айтты.


Хабарламаларға жазылу