Алдағы демалыс күндері еліміздің металлургтері төл мерекелерін атап өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы демалыс күндері еліміздің металлургтері төл мерекелерін атап өтеді

17.07.2017

Осыған орай, Павлодарда 86 пәтерлік тұрғын үй қолданысқа берілді. Ал, түс ауа қалада «Металлургтер саябағы» ашылды. Оның аумағы 12 гектардан асады. Бұған дейін қараусыз жатқан жерді ел игілігіне жарату үшін 300 млн.теңгеден астам қаражат жұмсалды. Жасыл желек егілді, спорт, ойын алаңдары, велотрек, субұрқақ, мәдени іс-шаралар өткізетін алаңдар салынды.  Биыл облыстың әлеуметтік саласын дамытуға Еуразиялық топ 3,7 млрд. теңге бөлді. Компанияға қарасты кәсіпорындарда 10 мыңнан аса адам тұрақты жұмыс істейді. Шығарылатын өнімнің экспорттық әлеуеті жоғары.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу