«Қазақстан-Орал» телеарнасына - 50 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан-Орал» телеарнасына - 50 жыл

30.10.2014
«Қазақстан-Орал» телеарнасына - 50 жыл

«Қазақстан-Орал» телеарнасының хабар тарата бастағанына биыл - 50 жыл.

«Ақжайықтың айнасы» атанған арнаның  жартығасырлық мерейтойына орай, көптеген іс-шара жоспарланған. Соның алғашқысы  - «Денсаулық фестивалі».

Жергілікті БАҚ өкілдері шағын футбол, волейбол, асық ату және  үстел теннисінен бақтарын сынады.

Сондай-ақ, арнаның жас қызметкерлері «Қазақстан-Орал» әніне флешмоб ұйымдастырып, мерейтойға тарту жасады.

Асыланбек Ғұбашев, «Қазақстан-Орал» телеарнасының директоры:

Телеарна ұйымдастырған бүгінгі фестиваль үлкен шаралардың бастауы ғана. Алдағы уақытта облыстық арнаның мұражайын ашу, «Ақжайықтың айнасы» атты кітап шығару жоспарымызда бар.

 

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу