Елорданың мерейтойына орай Астананың құрдастары бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорданың мерейтойына орай Астананың құрдастары бас қосты

12.06.2018

Астананың құрдастары елорданың мерейтойына орай кездесу өткізіп, келелі сұхбат өрбітті. Жүздесу барысында 1998 жылы Астанада дүниеге келген қыз-жігіттер бас қалада жеткен жетістіктерін баяндады. Олардың бірі сахнада, бірі спортта, ал, енді бірі білімге бет бұрған. 20 жылдыққа орай Елбасы кітапханасы мерекелік шаралардың кестесін бекітті. «Астана – болашақтың қаласы» атты жиын да мерейтойлық жоспарға сай өтіп отыр. 

Аида Беисова, қала тұрғыны:

- Астана менің өмірімде үлкен орын алады. Астанада тудым, өстім және де өз өмірімді Астанамен байланыстырамын.  

 

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу