БҚО-да шегіртке ошағы анықталып, аумақ зарарсыздандырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да шегіртке ошағы анықталып, аумақ зарарсыздандырылды

26.05.2021

Әлеуметтік желіде Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында шегіртке қаптады деген ақпарат тарады. Мамандардың айтуынша, дернәсіл ошағы анықталған бойда зарарсыздандырылды.

Шегіртке ошағы ауыл ішінде емес, Қаратөбе ауданына қарасты Шора қыстағындағы бос қоражайдың маңынан табылған. Күннің аптап ыстығында топырақ астындағы дернәсіл жер бетіне шыққан. Алайда бұдан келер қауіп жоқ, бұл - қалыпты құбылыс, дейді мамандар.

Лавр Хайретдинов, ҚР АШМ аумақтық инспекциясының басшысы:
Көрші облыстардан 2017 жылы қатты өрт болғанда кірген. Соны 4-ші жыл біз өңдеп жатырмыз. Азайта да келдік. Кезінде 800 мың га-ға дейін өңделген, қазір соның тек 8-9% өңдейміз, 72 мың га жер. Сондықтан ол жерде қазір видеода тараған шекірткелердің дернәсілдері жоқ.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу