Жүрек ауруларын ерте анықтайтын электрокардиограмма толықтай сандық жүйеге көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүрек ауруларын ерте анықтайтын электрокардиограмма толықтай сандық жүйеге көшті

30.06.2023

Жүрек ауруларын ерте анықтауға мүмкіндік беретін электрокардиограмма құрылғысы толықтай сандық жүйеге көшіріліп жатыр.

Үш жыл бұрын енгізілген жаңашылдықты 100 аса емдеу мекемесі пайдаланып отыр. Яғни, бұрын ЭКГ жүрек соғысының нәтижесін қағазға түсіріп, сол қорытындымен науқас дәрігерге баратын. Ал цифрлық форматтың арқасында оның барлығы онлайн жүргізіледі. Smart-ЭКГ жобасы Ұлттық ғылыми қордың қолдауымен жүзеге асуда. Бұл жаңашылдыққа кез-келген емдеу мекемесі тапсырыс бере алады.

Жасұлан Салыбаев, Smart-ЭКГ жобасының өкілі:

Баяғыда қағаз түрін көп жоғалтатын еді. Және де бұл шығын. Қазір электронды түрі пациентке диагнозының қорытындыларын жоғалтпауға мүмкіндік береді. Смарт-экг деген сайтқа кіріп, сол жерге көрсетілген нөмірімізге хабарласып, өздерінің ұсыныстарын беріп, қосылуға болады. 


Хабарламаларға жазылу