Атырау облысында ауруханалар жаңа құрылғылармен жабдықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында ауруханалар жаңа құрылғылармен жабдықталды

03.02.2015
Атырау облысында ауруханалар жаңа құрылғылармен жабдықталды

Атырау облысының аудандық ауруханалары заманауи құрылғылармен толықты.

Бес ауданның емханасына кардиомаркерлердің экспресс талдағыштары табысталды.

 Бұл медициналық құрылғы  жүрек-қан тамырлары ауруымен ауыратындардың диагнозын дәл әрі тез анықтауа мүмкіндік береді.

Бұған дейін аудан ауруханаларында пайдаланылып келген электрокардиограмма науқастардың миокард инфарктісіне шалдыққандығын 50 пайыздық дәлдікпен анықтайтын. 

Емханалардың заманауи қондырғылармен жабдықталуының арқасында һңірде жүрек-қан тамырлары ауруымен сырқаттанғандардың қатары кеміп келеді.  

 

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу