Алматылықтарды сумен қамтитын кәсіпорын сандық жүйеге көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылықтарды сумен қамтитын кәсіпорын сандық жүйеге көшті

12.12.2018

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында барлық құбыр мен судың ағымы енді толыққанды компьютер арқылы бақыланады.

Қазір диспетчерлік жүйелер 70 пайыз, кәріз жүйесі 100 пайыз ауыстырылған. Осының нәтижесінде келер жылдан бастап қаладағы жеке үйлер үшін тариф бағасы 10 пайызға азаяды. «Цифрлық бағдарлама жөндеу жұмыстарын жоспарлап, құбырларды кезең-кезеңімен ауыстыру ісі үшін өте тиімді», - дейді мамандар. Өйткені, арнайы есептеу құрылғылары арқылы барлық ақпарат бірыңғай электронды жүйеге беріледі. 

Нұриддин Жарболов, «Алматы су» МКК бас директорының орынбасары:

Барлық мағлұматтарды бір беттен алуға болады. Халық қанша сағат сусыз қалғаны сияқты ақпараттарды да оңай білуге болады.

Аманкелді СЕЙТХАН  

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.                      

Хабарламаларға жазылу