Канададағы орман өрттерінің түтіні АҚШ қалаларын басып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канададағы орман өрттерінің түтіні АҚШ қалаларын басып жатыр

29.06.2023

Канадада лапылдап жанып жатқан ормандардың түтіні Америка Құрама Штаттарының қалаларын басып жатыр. Осыған байланысты АҚШ-тың орталық, батыс және шығыс аймақтарында миллиондаған адамға сырттағы белсенділікті шектеуге кеңес берілді.

Көрші елден жеткен түтін Нью-Йорк, Нью-Джерси, Пенсильвания, Солтүстік Каролина штаттары мен Вашингтон Колумбия округінде байқалған. Демек қазір 100 миллиондай адамның денсаулығына қауіп төніп тұр.

Канадада 8 миллион гектар орман алқабы күлге айналды. Және де мұнда өрт ошақтарының саны 477-ге жетіп, олардың жартысы әлі бақылауға алынбаған.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу