Түркістан облысында астан ұшынған 84 адамның жағдайы қазір қалыпты
Түркістан облысы, Кентау қаласындағы «Ризық раяна» дәмханасында астан ұшынған 84 адамның жағдайы қазір қалыпты. Дәл осы дәмханада былтыр адамдар екі мәрте астан уланған еді. Соңғысында 167 адам дәрігерге жүгінген. Осы жолы да қылмыстық іс қозғалды.
Айнұр Әбілқасымқызы, тілші:
80-нен астам адам уланған дәмхана қазір жұмысын тоқтатқан. Есігі мөрленіп, жабық тұр. Ал қалалық ауруханада 67 адам ем қабылдауда. Қалғандары сырттай ем алуда. Олардың барлығы осы дәмханадан тауық етін, пицца және суши жеген. Кейбірі үйлеріне тапсырыспен алдырған. Науқастардың басым бөлігі отбасымен жатыр. 3-4 баласымен ем қабылдап жатқандар да бар.
Ұлбосын Амалдықова, қала тұрғыны:
Дүйсенбі күні кешке Ризық раянадан үйге тауық еті мен пицца алдырғанбыз. Күйеуім, мен, екі қызым жедік. Сейсенбі күні азанда іш өту, құсу басталды. Температура көтерілді. Қызымда да тура солай болды. Жұқпалы ауруларды қарайтын ауруханаға келдік. Қызым екеуміз емделіп жатырмыз.
Осы оқиғаға байланысты Кентау қалалық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау орталығы мамандары түрлі сынамалар алып, тексеру жүргізуде.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін парашаңғышыларымыз сайысқа шығады
10.03.2026, 13:24
1218 адамға жәрдемақы мен әлеуметтік төлем автоматты түрде тағайындалған
10.03.2026, 13:21
Жетісу облысындағы 469 дауыс беру учаскесі дайын
10.03.2026, 13:15
Жаңа Конституция – дамудың жаңа кезеңі
10.03.2026, 13:12
Трамп Таяу Шығыстағы соғыстың кешікпей аяқталатынын мәлімдеді
10.03.2026, 13:09
Республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды
10.03.2026, 13:06
Астананың күні күрт бұзылды
10.03.2026, 13:03
«Наурыз» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
10.03.2026, 13:00