Атырау облысындағы Теңіз кен орнында жұмысшылар тамақтан ұшынып қалды

17.10.2018

Атырау облысындағы мұнай-газ өндіруші Теңіз кен орнында жұмысшылар тамақтан ұшынып қалды. Олар кеше Болашақ вахталық кентіндегі асханалардың бірінде тамақтанған. Кешкі астан кейін 22 адам Құлсары қаласындағы  Жылой аудандық ауруханасына жеткізілді. Бүгін зардап шеккендер саны 28-ге жетті. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың қазіргі жағдайы қалыпты. Әзірге оларға асқазан-ішек қабынуы диагнозы қойылған. Астан ұшынған «Монтажспецстрой» мекемесінің қызметкерлері жаңа үшінші буын зауытының құрылыс жұмыстарында еңбек еткен. 

Ерболат Уайсов, облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары:

- Қазіргі таңда асхананың жұмысы тоқтатылды. Алдын ала анықтағанымыздай, асханада санитарлық ереже бұзылған. Мысалы, таңғы асқа дайындалған жұмыртқаға оралған «гренки» деген тағамды түскі асқа қайтадан берген. Ол тоңазытқышқа сақталмаған.   

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу