Өскемендегі арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының жанындағы ғимарат өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемендегі арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының жанындағы ғимарат өртенді

27.06.2023

Өскемендегі арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының жанындағы ғимарат өртенді. Қойма ретінде салынған нысанның қабырғасы және шатыры отқа оранды. Бастапқыда өртті сол маңда жүрген адамдар өз күштерімен сөндірмек болған. Алайда қатты жел үрлеген қызыл жалын лезде ғимаратты шарпыған. Ал өртті сөндіруге 30 маман мен 10 техника жұмылдырылды.

Жалпы өрт 100 шаршы метр аумақты шарпыған. Тілсіз жау қазір толық сөндірілді. Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары мекемеге еш зақым келмегенін хабарлады. Тек қауіпсіздік үшін іштегі адамдар ғимараттан шығарылды. Құжаттар мен кеңеседегі құрал-жабдықтар да оқшауланды.



Хабарламаларға жазылу