Ақмола облысында Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы жанданды
Ақмола облысында төтенше жағдайды және коменданттық сағатты бұзғаны үшін өткен тәулікте 286 адам ұсталып, 101-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бір аптада режим талаптарын ескермеген 1300-ден астам тұрғын анықталды. Өңірде барлық мекемелер, сауда орындары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бүгін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының да жұмысы жанданды. Қоғамдық көлікте жолақыны электронды төлеу жүйесі де іске қосылды.
Арманбек Баймурзин, Ақмола облысының коменданты:
Біз әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқаны үшін Бурабай ауданының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғадық. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көкшетау, Степногорск қалаларында, Бурабай ауданында барлығы 13 блокбекет бар. Келіп жатқан көліктер жіті тексеріліп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі
10.02.2026, 21:54
Deutshe bank: Алтынның бір унциясы 6 мың долларға жетуі мүмкін
10.02.2026, 21:21
Түркістанда көпірді су шайып кетті
10.02.2026, 21:17
Жаңа Конституция – заман талабы
10.02.2026, 21:11
«Ауыл» партиясы жаңа Конституция жобасын талқылады
10.02.2026, 21:08
Жаңа Конституция жобасын референдумға шығару ұсынылды
10.02.2026, 21:06
Жаңа Конституция жобасына қосымша нормалар енгізілді
10.02.2026, 20:41
Тимур Сүлейменов: Халыққа несие беру азаяды
10.02.2026, 20:38