Ресейге есірткі алып өтпек болған шетел азаматы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейге есірткі алып өтпек болған шетел азаматы ұсталды

27.06.2023

Аса ірі көлемдегі есірткі партиясын жолы кесілді. Жамбыл облысы Қарасу шекара бекетінде шетел азаматының басқаруындағы жүк көлігін тоқтатылған. Тексеріс кезінде ішінен 800 келі каннабис шайыры анықталды.

Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, заңсыз тауардың бағасы қара нарықта 6 млн доллар тұрады. Тауарды Ресейге алып өтпек болғандар қамауға алынды.



Хабарламаларға жазылу