Ноутбуктің ішінен есірткі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ноутбуктің ішінен есірткі табылды

28.01.2014
Ноутбуктің ішінен есірткі табылды
 

Семейде есірткіні контрабандалық жолмен шекара арқылы өткізбек болған Ресей азаматы ұсталды. Ол гашишті ноутбуктың ішіне жасырған. Иісшіл иттің көмегімен тексеру жүргізген шекарашылар мен желілік полиция қызметкерлері 26 жастағы жолаушыны пойызда қолға түсірді.

 
Қазір күдікті қамауда, қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Амалын асырып апиынды жасырын алып өтпек болғаны үшін, ол 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
 
Қалжан Орынбеков, Семей станциясындағы ЖІІБ тергеу жөніндегі бастығының орынбасары:
Ірі көлемдегі есірткі затын Ресей азаматы ноутбуктың қуаттау бөлігіне жасырып алып өтпек болған. Тексеру барысында бұл жағдай әшкереленді.  
 
 
 
Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу