«Титан» бортында болған 5 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Титан» бортында болған 5 адам қаза тапты

23.06.2023

Атлант теңізінде жоғалып кеткен «Титанның» бөлшектері табылды. Сүңгуір қайықтың бортында болған 5 адам қаза тапқан. Олар 3800 метр тереңде жатқан Титаник кемесін көруге жексенбі күні аттанған еді. Мұхиттың түбіне түскен соң 2 сағаттай уақыт өткенде батискаффен байланыс үзілді. Іздеу операциясы жүргізілгенімен, қайықтың тек сынықтары табылды. Оның неліктен қирағаны әзірге белгісіз. Ал сүңгуір қайықты жасаған компанияның бұрынғы қызметкері «Титанның» сапасыз әрі дұрыс құрастырылмағанын айтады. Қаза тапқан адамдардың денесін табу да қиынға соғатын тәрізді. Қауіпті саяхатқа оны ұйымдастырушы компанияның басшысы, француздық ғалым, британиялық бизнесмен және пәкістандық миллиардер мен оның ұлы аттанған еді. 


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу