Апатқа ұшыраған украиналық ұшақтың жолаушылары түгел қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Апатқа ұшыраған украиналық ұшақтың жолаушылары түгел қаза тапты

08.01.2020
Апатқа ұшыраған украиналық ұшақтың жолаушылары түгел қаза тапты

Тегеранда апатқа ұшыраған украиналық лайнердің бортындағы барлық адам қаза тапты. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Ұшақ «Украина халықаралық әуе жолдары» әуе компаниясына тиесілі болған. Апат болған аймаққа жедел жәрдем бригадалары жіберілді. Алайда олар зардап шеккендерге жақындай алмағанын, өйткені онда ұшақ бөлшектері жанып жатқанын айтты.

Ұшақ бортында 170 жолаушы болған. Бұл туралы Иранның авиация министрлігінің өкілі Реза Джафарзаде мәлімдеді.

Хабарламаларға жазылу