Сарапшылар: «Титан» іштен жарылып кеткен болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар: «Титан» іштен жарылып кеткен болуы мүмкін

23.06.2023

Атлант теңізінде жоғалып кеткен «Титан» іштен жарылып кеткен болуы мүмкін. Сарапшылардың пікірі осылай. Сүңгуір қайықтың бөлшектері табылды, ал оның бортында болған 5 адам қаза тапқан. Олар 3800 метр тереңде жатқан Титаник кемесін көруге жексенбі күні аттанған еді. Мұхиттың түбіне түскен соң 2 сағаттай уақыт өткенде батискаффен байланыс үзілді. Іздеу операциясы жүргізілгенімен, қайықтың тек сынықтары табылды. Оның неліктен қирағаны әзірге белгісіз. Ал сүңгуір қайықты жасаған компанияның бұрынғы қызметкері, «Титанның» сапасыз әрі дұрыс құрастырылмағанын айтады. Қауіпті саяхатқа оны ұйымдастырушы компанияның басшысы, француздық ғалым, британиялық бизнесмен және пәкістандық миллиардер мен оның ұлы аттанған еді. Мыңдаған метр тереңдікке адам апаратын аппарат сертификаттаудан өтпеген екен. 

Джеймс Кэмерон, кинорежиссер:

Сынақтан өтіп жатқан көлікті туристерді тасуға пайдаланған дұрыс емес. «Титаник» пен «Титан» трагедиялары ескертулерге құлақ аспаудан болды. «Титаник» капитаны айсбергтерді елемей, Атлантика арқылы айсыз түнде жолға шыққан еді. Енді сол қаралы оқиға қайталанып отыр.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу