Алжирде әскери ұшақ апатынан 100-ден адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алжирде әскери ұшақ апатынан 100-ден адам қаза тапты

11.04.2018

Алжирден шұғыл ақпарат. Елдің солтүстігінде әскери ұшақ құлап, оның бортында болған 100-ден астам адам қаза тапты. «Ил-76» әуеге көтерілгеннен соң көп ұзамай Блида провинциясындағы Буфарик әуежайына жақын маңда төмен қарай ылдилаған. Құлағаннан кейін ұшақ бортында лезде өрт тұтанған. Әзірге, апатқа не себеп болған белгісіз. Оқиға болған жерге жедел жәрдем көліктері жіберіліп, оған жақын жолдар жабылды.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу