Сирия бойынша Астана процесі нәтижелі аяқталды
Сирия бойынша Астана процесінің ХХ раунды аяқталды. Сыртқы істер министрлігі бұл келіссөз біздің елде өткен соңғы кездесу екенін мәлімдеді. «6 жыл ішінде 20 кездесудің 18-і елордада ұйымдастырылған. Әуелде қойылған мақсаттардың барлығына қол жеткізілді. Сириядағы жағдай айтарлықтай түзелген. Ел бойынша 1 ғана даулы аймақ қалды. Түркиямен арадағы байланысты қалпына келтіру үшін жол картасы әзірлене бастады. Сирия, Араб елдері қатарына қайта кірді. Сондықтан біз мойнымызға алған міндеттердің барлығын орындадық», - деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш. Дегенмен Астана форматындағы келіссөздер өзге елдерде жалғаса бермек.
Александр Лаврентьев, Ресей Федерациясының Сирия бойынша арнайы өкілі:
Астана форматы өзінің тиімділігін дәлелдеді. 6 жыл ішінде өте көп нәтижеге қол жеткіздік. Түркия, Иран, Ресей, Сирия тарапы және халықаралық бақылаушылар қатысатын әр келіссөз нәтиже берді. Сондықтан тура осы форматтағы жиындарды өзге елдерде жалғастыра береміз деп ойлаймын. Қазақстан тұтас аймақтағы тыныштықты қалпына келтіру жұмыстарының алғышарттарын жасап берді. Біз нәтижелі жалғастырамыз деп ойлаймын.
Оңған Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін– толық Күн тұтылуы болады
12.08.2026, 11:02
XX жазғы Азия ойындарының медальдары таныстырылды
12.08.2026, 10:08
Қоқыс тастағандар жауапқа тартылады
12.08.2026, 10:06
Қазақстанда 6 миллионға жуық жас азамат тұрады
12.08.2026, 10:04
Бүгін – Халықаралық жастар күні
12.08.2026, 10:03
Абай туралы жаңа туынды АҚШ кітапханасына табыс етілді
12.08.2026, 10:01
Трамп Анкарадан қайтарда ұшағын жасырын ауыстырғанын мойындады
12.08.2026, 09:59
Колумбияда зілзаладан қаза тапқандар саны 254-ке жетті
12.08.2026, 09:53