Бүгін – Халықаралық жастар күні
Бүгін - Халықаралық жастар күні. Айтулы датаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1999 жылы бекіткен. Бүгінде Қазақстанда 5 миллион 8 жүз мыңнан астам жас азамат тұрады. Бұл – халықтың үштен бір бөлігі.
Елде жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар көп. Мәселен, білім алуына, тұрғын үйге қол жеткізуіне, кәсіп бастауына және кәсіби дамуына арналған түрлі жобалар мен жеңілдіктер қарастырылған. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жазды.
Ол жас буынды мерекемен құттықтап, олар ұсынған әр игі бастаманы қолдайтынын жеткізді:
«Наурыз» және «Отау» жеңілдетілген несие бағдарламалары арқылы 5,4 мыңнан астам жас қазақстандық мемлекеттік қолдауға ие болды. Өңірлік тұрғын үй бағдарламаларының аясында 7,2 мыңнан астам жас отбасы мен жас маман баспаналы болды. Биыл «Жасыл ел» жобасы бойынша 35 мыңнан астам жас маусымдық жұмыспен қамтылды. Алда еліміз үшін аса маңызды тарихи кезең – Құрылтай сайлауы тұр. Партиялық тізімде жас кандидаттардың аз емес екені ерекше қуантады.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16