Абай туралы жаңа туынды АҚШ кітапханасына табыс етілді
АҚШ Конгресс кітапханасының қорына Абай Құнанбайұлының мұрасын дәріптейтін жаңа туынды табыс етілді. Вашингтондағы Қазақстан елшісі Мағжан Ілиясов ақынның қара сөздері негізінде әзірленген ағылшын тіліндегі «Ұрпаққа ұлағат» басылымын кітапханаға сыйға тартты. Жоба авторы Гүлмира Амандықова бұл еңбекке бес жылға жуық уақыт арнаған. Басылымның ерекшелігі – Абайдың философиялық ойларын оқырманға жеңіл тілмен түсіндіріп, оларды графикалық иллюстрациялар арқылы ұсынуында. Кітап қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жарық көріп, бүгінде он екі тілге аударылған. Елшілік өкілі ұсынған сыйлықты Конгресс кітапханасының түркітану бағыты бойынша маманы Джоан Уикс қабылдады. Бұл Абай мұрасын АҚШ-та насихаттауға бағытталған қажырлы еңбектің жалғасы.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО жастары мерзімді әскери қызметке аттанды
14.09.2026, 13:21
Еуропада велосипедке сұраныс көбейді
14.09.2026, 13:18
Таиланд визасыз жүру мерзімін 30 күнге дейін қысқартты
14.09.2026, 13:15
Anthropic компаниясы ЖИ-дің дамуын баяулатуға шақырды
14.09.2026, 13:12
Сауд Арабиясы негізгі құбырын іске қоспаса, экспортқа арналған мұнай қоры таусылады
14.09.2026, 13:09
СҚО-да банкроттыққа өтініш берушілер көбейді
14.09.2026, 13:06
Кей өңірде күн райы бұзылады
14.09.2026, 13:03
Президент Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды
14.09.2026, 13:00