АҚШ президентінің ұлы салық төлемегені үшін жазаға тартылады
АҚШ президенті Джо Байденнің ұлы салық төлемегені үшін шартты түрде сотталатын болды. Хантер Байден 2017-2018 жылдары табыс салығын қасақана төлемегенін мойындаған. Ол екі жыл Украина мен Қытайда жұмыс істеп, тапқан қомақты қаржысын жасырып қалған. Хантер Байден есірткіге еліткен жылдары заңсыз тапанша сатып алғаны да белгілі болды. Бірақ федералдық айыптаумен келісіп, салықтан жалтарғанын мойындағаны үшін Делавэр штатының Бас прокуроры оны қылмыстық қудаламауға уәде берген. Алайда Әділет департаментімен жасалған мәміле бойынша, 53 жастағы Хантер Байден енді есірткіге жоламауы тиіс. Республикашыл депутаттар болса президенттің ұлы жеңіл жазамен құтылып кетпек деп сынға алды. Себебі ол әкесі Джо Байден АҚШ-тың вице-президенті болып тұрғанын пайдаланып, шетелде өзіне тиімді бизнес-келісімдер жасай алды деп санайды. Ал жеке мүддесі үшін өзінің не туысының лауазымын пайдалану АҚШ заңы бойынша қатаң жазаланады.
Жалғас Сәдібекұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«SuperStar KZ»: Кастинг 4-26 сәуір аралығында өтеді
31.03.2026, 20:57
Жаңа модульді робот
31.03.2026, 20:55
Ұлттық құрамалар толық спорттық киіммен қамтылды
31.03.2026, 20:53
Шымкентте жыл басынан бері жол апатынан 6 адам қаза тапты
31.03.2026, 20:17
БҚО-да қоғамдық көлік мектеп автобусына соқтығысып, үш адам ауруханаға түсті
31.03.2026, 20:16
2,5 мыңнан астам қазақстандық студент Таяу Шығыс елдерінде оқып жатыр
31.03.2026, 20:14
Судьялар Жамбылдың жырын оқып жарысты
31.03.2026, 20:12
WSJ: Трамп Таяу Шығыстағы соғысты аяқтауға ниетті
31.03.2026, 20:12