Келер жылдан бастап бизнесті мемлекеттік бақылаудың автоматтандырылған жүйесі іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келер жылдан бастап бизнесті мемлекеттік бақылаудың автоматтандырылған жүйесі іске қосылады

19.06.2023

Келер жылдан бастап бизнесті мемлекеттік бақылаудың автоматтандырылған жүйесі іске қосылады. Бұл туралы Премьер-Министрдің төрағалығымен өткен Үкімет кеңесінде айтылды. Мемлекеттік органдар «Атамекен» палатасымен бірігіп, бизнесті реттеудің 44 саласына талдау жасаған. Нәтижесінде реттеу саясатының шарттарына сай келмейтін 10 мыңнан астам талап анықталды. Оларды жою үшін заңнамалық актілерге түзету әзірленді. Жақын арада құжатты Парламенттегі «Бизнес жүргізу мәселелері» туралы заң жобасына қосу жоспарланып отыр. 


Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу