Шымкентте «Дарын-2015» байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте «Дарын-2015» байқауы өтті

09.11.2015
Шымкентте «Дарын-2015» байқауы өтті
Жас өнерпаздар арасындағы халықаралық деңгейдегі өнер додасы алғаш рет ұйымдастырылуда.

Байқауға АҚШ, Индия, көршілес елдер мен еліміздің түрлі аймақтарынан 300-ге тарта бала қатысты. Олар байқауда вокал, дәстүрлі ән, хореография, мәнерлеп оқу, сурет пен қолданбалы өнер саласы бойынша бір-бірімен сынға түсті.

Екі күнге созылған байқауда жас таланттар арасынан әуезді үні, нақышты биі, өнерімен 50-ге тарта өнерпаз дараланды. Ел ішіндегі дарынды жастарға қолдау көрсету, олардың қарым қабілетін шыңдау мақсатында өткізілген байқау енді жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілмек.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу