Шымкентте «Shymkent Build - 2015» көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте «Shymkent Build - 2015» көрмесі өтті

15.03.2015
Шымкентте «Shymkent Build - 2015» көрмесі өтті

 

Шымкентте «Shymkent Build - 2015» көрмесі өтті. Құрылыс және ғимараттың ішкі құрылысына арналған мұндай көрме мұнда алғаш рет ұйымдастырылды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Көрмеге Қазақстан, Италия, Ресей, Түркия мен Өзбекстан елдерінен келген 40-тан астам компаниялар қатысты.

Аталған шарада өнеркәсіп құрылысына арналған желдету-жылыту, жылу алмасу және энергия үнемдеу қондырғылары, ПВХ-профильдерінің өндірісі, өнеркәсіпке және азаматтық мақсатқа арналған қаңқасыз жаңа технологиялар мен жоғары технологиялы бетон өндірісі, қазандықтардың жоғары тиімді каскадты жүйелері, полимерлік құбырлық жүйелер, сумен қамтамасыз етуге арналған жаңа қондырғылар қойылды.

Шара барысында «Ferroli-Service жылыту жүйесінің энергиялық тиімді технологиялары», «Аллюгал» алюминий жүйелері бойынша семинарлар өткізіліп, өнімдер таныстырылды.

Сонымен қатар, жиынға келген қонақтар Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» зауыты өндіретін «Toyota Fortuner» жол талғамайтын көлігін драйв-тесттен өткізу сәтін тамашалады.

Сурет: liter.kz

Хабарламаларға жазылу