Шымкентте жас кинематографистердің байқауы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жас кинематографистердің байқауы өтті

27.02.2018

«Қазақстан балалары шексіз әлемде». Шымкентте осындай тақырыпта жас кинематографистердің байқауы өтті. Оған  мектепте оқитын 100-ден астам аниматор мен режиссер қатысты. Балалар қазылар алқасының назарына өздері түсірген 105 бейнероликті ұсынды. Байқау шарты бойынша әр команда он адамнан жасақталған. Олар анимациялық, музыкалық, деректі ойын, әлеуметтік жарнамалар секілді жеті түрлі жанр бойынша ұзақтығы 3 минуттан аспайтын шығармаларын сарапқа салды. Қазылар алқасы мүшелерінің айтуынша, байқау қатысушылары жастығына қарамастан қоғамдағы көкейтесті мәселелерді фильмдеріне арқау ете алған. Мамандар балалар еңбегінде әрбір бейнесюжеттің тақырыптық идеясының ерекшелігіне және еңбектің жанрлық талаптарға сай болуына айрықша мән берді.  

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу