Шығыстағы Алтай ауданы маңындағы таулардан өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыстағы Алтай ауданы маңындағы таулардан өрт шықты

15.06.2023

Шығыс Қазақстанда дала өрті жиіледі. Кешелі бері Алтай ауданы Северное ауылы маңындағы таулардан өрт шықты. Өртті сөндіруге 44 маман мен 7 техника жұмылдырылды. Шамамен 3 гектар қураған шөп пен бұта өртенген. Келесі ошақта 15 гектар жер отқа оранды. Ол адам аяғы жетпейтін қиын аумақ болғандықтан өрт сөндірушілер тікұшақпен жеткізілді. Тілсіз жаумен күреске 100 ге жуық маман тартылды. Бүгін өрт бәсеңдеді. Тек жекелеген ошақтар сөндіріліп жатыр.

«Қазгидромет» орталығы алдағы тәуліктерде аптап ыстық болатынын хабарлады. Сондықтан халыққа өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде хабарлама таратылып жатыр.



Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу