Алматы маңындағы мейрамханадан өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы маңындағы мейрамханадан өрт шықты

06.09.2021

Алматыда да өрт болды. Қала маңындағы ірі мейрамханалардың бірі қызыл жалынға оранды. Қырғауылды ауылында орналасқан «Мұз Тау» мейрамханасынан өрт шыққаны туралы хабарлама облыстық төтенше жағдай департаментіне кеше кешкісін жеткен. Мамандар қызыл жалынды 1 жарым сағаттан астам уақыт ішінде әзер сөндірді. Өрт 500 шаршы метрдей аумақты шарпыған. Абырой болғанда, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Хабарламаларға жазылу