Шығыс Қазақстанда 70 гектар алқап жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда 70 гектар алқап жанып кетті

11.05.2022

Шығыстағы Алтай ауданы Ермековка ауылының маңында 70 гектар жер жанып кетті. Жергілікті тұрғындар далада қоқыс өртеген кезде қауіпсіздік ережесін сақтамаған. Ал, тұтанған от даладағы қу шөпке тиген. Өртті сөндіруге жергілікті төтенше жағдайлар қызметінен 54 маман мен 10-нан аса техника және МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды.

Сондай-ақ орман шаруашылығынан 20 орманшы мен бірнеше техникасы көмекке келді. Жедел қимылдағанның арқасында өрт сөндірілді. Жалпы шығыста биыл көктемде дала өрті жилеп кетті. Мамандар бір тәулікте 20-30 рет дабыл түсетінін айтады.Ал өрттің жиі шығуын жауын-шашынның аздығымен байланыстырады. Аймақта наурыздан бері әлі бір тамшы жауын жоқ.


Хабарламаларға жазылу