Шетелдік көліктерді заңдастыру 1 шілдеден кейін де жалғасуы мүмкін
Шетелдік көліктерді заңдастыру 1 шілдеден кейін де жалғасуы мүмкін. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, құжат қабылдау 23 қаңтардан басталғанына қарамастан, қазақстандық нөмірді алып үлгермегендер мен белгілі бір шектеуге байланысты заңдастыра алмағандар көп. Бүгінге дейін 365 мыңнан астам адам өтініш тастаған. Ал оның 144 мыңға жуығы ғана бастапқы тіркеуден өтіпті. 14 мыңнан астам автомобильді әлі тексеріп жатыр. Бұған дейін құжат қабылдау мерзімін ұзартуды мәжіліс депутаттары да талап еткен еді. Олар шетелдік көлік арзан әрі сапалы, бүгінде көптеген қазақстандыққа отбасын асыраудың негізгі құралы болып отыр деген еді. Министрлік тиісті құжатты 23 маусымға дейін қоғамдық талқылауға салмақ.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00