Елімізде еріктілер саны 300 мыңнан асты
Биыл Қазақстанда волонтерлікке қатысты бастамаларды қолдауға 60 шағын грант бөлінген. Бұған қоса, белсенді азаматтардың тәжірибесі мен дағдыларын ресми есепке алуға мүмкіндік беретін цифрлық паспорт та әзірленіп жатыр. Бүгінде ел ішінде еріктілер саны 300 мыңнан асты. Ал волонтьерлікпен айналысатын 800-ден астам ұйым бар. Бұған мемлекет тарапынан жасалып жатқан оң өзгерістер сеп болған. Қазір бүкіл әлем волонтерлікті қолдап отыр. Президент бастамасымен БҰҰ 2026 жылды Халықаралық еріктілер жылы деп жариялауы да соның айқын көрінісі дейді Ұлттық волонтерлер фронт офисінің басшысы Айбек Досымбетұлы.
Айбек Досымбетов, Ұлттық волонтерлер фронт-офисінің басшысы:
БҰҰ-ның Волонтерлік бағдарламасымен Халықаралық волонтерлер жылы деп жарияланды. Яғни, біздің Мемлекет басшысының ұсынысымен басталған болатын. Биыл елімізде 60-тан астам шағын гранттар бөлінді. Бірінші рет емес, өткен жылы да жүзеге асқан болатын. Әр бағыт бойынша 10 шағын грант, 1 миллион теңге қаржы көлемінде. Республиканың барлық аймағынан белсенді волонтерлік топтар және волонтерлік ұйымдар қатысып, осы жобаны жүзеге асырып жатыр
Жұмат Бауыржан, ерікті, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясының координаторы:
Волонтердің басты мақсаты - осы халыққа көмектесу, қоғамға пайдасын тигізу. Жалпы саны 200-ден, 150 волонтер сол іс-шараларға координатор болдық.
Хадиша Елеусін
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы