Басты Жаңалықтар Қазақстанның 150 спортшысы Азия Пара ойындарына қатысады

Қазақстанның 150 спортшысы Азия Пара ойындарына қатысады

Қазақстан Азия Пара ойындарында жаңа спорт түрінен алғаш рет жарысқа шығады. Атап айтқанда, арбадағы теннистен тұңғыш рет бақ сынайды. Сонымен қатар пара жеңіл атлетикадан зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар да алғаш рет ел намысын қорғайды. Дода 18-24 қазан аралығында Жапонияда өтеді. Байрақты бәсекеде ұлттық командамыздың 150 спортшысы спорттың 12 түрі бойынша өнер көрсетеді.  V Азия Пара ойындарына 45 елден 4 000-ға жуық спортшы қатысады деп жоспарлануда.

Бөлісу