Бурабайда тұрғындарды бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бурабайда тұрғындарды бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

14.06.2023

Ақмола облысының Бурабай ауданында бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Тексеріс барысында қолға түскен сегіз күдіктінің жергілікті тұрғындарды қорқытып, несие алуға мәжбүрлегені анықталды. Қазіргі уақытта келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр. Күдіктілердің төртеуі қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Дәурен Даутов, облыстық Полиция департаментінің басқарма басшысы: 

Бірқатар арнайы іс-шаралар жүргізілді. Соның барысында бопсалау, тонау, алаяқтық және қылмыстық қақтығыстарға қатысу фактілері анықталып, ресми түрде құжатталды және қылмыстық істерге қосылды. Арнайы операция барысында полиция қызметкерлері тінту іс-шараларын жүргізіп, айғақ заттар тәркіленді. 

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу