Испанияда тасқын толастамай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда тасқын толастамай тұр

14.06.2023

Испанияның солтүстігінде тағы тасқын жүрді. Каталония өңірінде дамылсыз жауған нөсер жаңбырдан көшелер өзенге айналған. Табиғи апат көлік қатынасын қиындатып отыр. Осы өңірде өткен аптада ғана толассыз нөсер жауып, алапат тасқын жүрген еді.

Жалпы Еуропа елдерінде жаз басталғалы өрт, су тасқыны жиілеп кетті. Ғалымдар мұны климаттың өзгеруімен байланыстырып отыр.


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу