Перудің солтүстік-шығысын су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перудің солтүстік-шығысын су басты

28.12.2023

Перудің солтүстік-шығысындағы Лорето аймағында жауын құйып, тасқын басталып, ондаған үйді су басты. Мұны жергілікті ақпарат құралдары хабарлап отыр. Олардың дерегінше, жаңбыр екі күн бойы толастамай жауған.

Перудің Ұлттық метеорология және гидрология қызметінің ескертуінше, алдағы уақытта тағы бірнеше провинцияда жаңбыр жауып, талай елдімекенге үлкен зардап әкелуі мүмкін.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу