Өскеменнің көшелерін су басып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменнің көшелерін су басып жатыр

06.03.2023

Шығыста ақ жауын. Оған қарғын су қосылып, оңтүстік аудандарда жағдайды күрделеніп барады.Тек кешелі бері Өскеменнің көшелеріндегі көлкіген суды коммуналдық мекемелер сорғызып үлгермей жатыр. Ал таулы аудандарда қар көшкіні де толастамай тұр. Қолайсыз ауа райына байланысты бүгін өңірдегі бірнеше аудан мен Өскемен қаласында 9-сыныпқа дейінгі оқушылар онлайн оқиды. Көшелердегі көлкіген суды тазарту үшін коммуналдық мекеме мамандары арнайы көлікпен тоқтаусыз сорғызып жатыр. Қалада қарғын суға тасқын жұмыстары қара күзде басталған. Бүгінге дейін бір жарым шақырымдық бірнеше арық қазылса, көпірлердің астындағы мұзды ыстық су құйып ерітіп жатыр. Ешбір нысанға немесе үйді су басқан жоқ. Бірақ қаланың шеткі шағын аудандарында жағдай күрделі. Арықтағы мұз толық ерімегендіктен қарғын суға жауын қосылып кейбір жерлерде арнасынан асты.


Хабарламаларға жазылу