Испанияда алапат тасқын әбігерге салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда алапат тасқын әбігерге салды

24.05.2023

Испанияда толассыз жауған нөсер жаңбырдың соңы алапат тасқынға айналды. Жертөлелер суға толып, көліктер жолда қалды. Осыған байланысты жергілікті мектептер мен университеттерде сабақ уақытша тоқтатылған. Нөсер жауын әлі де толастамай тұр. Кейбір өңірлерде әр шаршы метрге 130 литрдей жаңбыр жауған. Төтенше жағдайлар қызметі өзенге айналған көшелердегі суды сорғызып үлгермей жатыр. Тұрғындар дамылсыз жауған жаңбыр елдегі ұзаққа созылған қуаңшылықтың салдарын сәл де болса жеңілдетеді деген үмітте. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу