132 млрд теңгеге салынған «Алматы-Қорғас» тас жолына сыбайлас жемқорлыққа күрес өкілдері тексеріс бастады. 5 жыл бұрын ғана пайдалануға берілген халықаралық маңызы бар жол күннің ыстығына шыдас бермей көтеріліп кеткен.
Ақау Алматы-Қорғас тас жолының 190-шақырымында болған. Қазір бүлінген жер жамалған. Ал агенттіктің Алматы облысындағы өкілдері оқиға орнына барып, мән-жайды анықтап, арнайы тексерісті бастады. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің Алматы облысындағы жол құрылысы 2017 жылы аяқталды. Жолға берілген кепілдік мерзімі 2019 жылы өтіп кеткен.
Нұрсұлтан Бекенов, Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары:
Жобалау кезінде «компенсационный шов» деген болады. Сол 500-600 метр сайын салынып отырған. Алайда ол жеткіліксіз. Мысалы Дубайда 80-100 метр аралығында болып табылады. Сондықтан қысым болғаннан кейін ауа-райының жылынуына байланысты бетон көтеріліп жатыр.
Самал Қабышева