АҚШ-та биомедициналық инженер 100 күнін теңіз астында өткізді. Ол су астында өмір сүруден жаңа рекорд орнатты. Флоридалық Джозеф Дитури бүгін жер бетіне шықты.
Зерттеуші теңіз астындағы арнайы тұраққа наурыздың 1-і күні түсіп, үш жарым айға жуық болды. Осы аралықта медициналық және су асты зерттеулерін жүргізіп, Оңтүстік Флорида университетінің студенттеріне дәріс те оқыған. Десе де негізгі зерттеу тақырыбы – ұзақ мерзімді экстремалды қысым мен оқшауланған ортаның адам ағзасына әсерін бақылау. Мамандардың айтуынша, бұл тәжірибе болашақ терең теңіз миссиялары үшін пайдалы болмақ.
Айта кетейік, бұған дейін су астындағы қосында ең ұзақ өмір сүру рекорды 2014 жылғы орнатылып, 73 күн болған еді. Ал Джозеф Дитури теңіз астында тура 100 күн өмір сүріп, рекордтты жаңартты.
Джозеф Дитури, биомедициналық инженер:
Рекорд орнату мақсатым болған емес. Бұл құмға белгі салған секілді қиын болса да, су асты әлемінде адамның төзімділігін кеңейту, оқшауланған, шектеулі, экстремалды ортаға қалай бейімделетінін көру керек болды.