Гавайи аралдарының спорты Қостанайда дамып келеді
Қостанайда су спортына қызығатындар көбейіп келеді. Әсіресе ескек есіп, өзеннің баяу ағысымен серуен құруға құмар тұрғындар қатары қалың. Тобылдың суына сапбордпен әріптесіміз Мәдина Нағашыбай да шығып, тың спорттың қыр-сырын байқап көрді.
Серфингтен ауылы алыс емес бұл спорт түрі Тобыл жағалауына Гавай аралдарынан
араға 70-80 жыл салып келді. Осыдан 3 жыл бұрын Таися Березкина сапборд клубын
құрды.
Айтуынша, алғашында ниет білдірушілер аз болған. Ал қазір еліміздің түкпір-түкіпірнен, тіпті шетелден келетіндер бар.
Таися Березкина, сапборд клубының
негізін қалаушы:
Қауіпсіздік талаптары міндетті түрде сақталуы тиіс. Суға құласа, батып кетпес үшін киім денеге нық тұруы керек. Сол үшін бәрін мықтап өзіміз тексеріп, кигіземіз. Әзірге тұрғындар бұл спортпен енді танысып жатыр. Уақыт өте келе дамыған соң, түрлі жарыс ұйымдастыру ойда бар.
Ашық су айдынына шықпас бұрын алдымен сақтық шарасын түсіндіреді. Нұсқаушыдан
алыс кетуге, ағысы қатты жерде жүзуге болмайды.
Мәдина Нағашыбай, тілші:
Supboard – ағылшын тілінен stand up paddle, яғни тік тұрып ескек есу дегенді білдіреді. Бірақ бұл екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сондықтан алдымен осылай тізерлеп отырып есуді үйренесіз. Тегіс тақтай үстінде тепе-теңдік сақтаудың өзі қиын. Бұл жерде бел, арқа сынды барлық бұлшық ет жаттығады. Сонысымен де пайдалы.
Карина Базарбаева, инструктор:
Туристік бағытты дамытуға жақсы мүмкіндік. Бізге күнделікті 30-дан астам адам келеді. Отбасымен, достармен келеді. 6-4 шақырым жүземіз. Тіпті үлкен қашыққа да шығамыз. Тамаша табиғатты бақылап, таңды суда қарсы аламыз.
Маусымдық спортқа
жаз мезгілі сұраныс артады. Әсіресе биыл келушілер көп. Ресей, Аустралия сынды
бірнеше шет мемлекеттен туристер ағылған. Жергілікті халық үшін де бұл жер
табиғат аясында уақыт өткізетін жаңа демалыс орнына айналып келеді.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыдағы сауда орталығында кітап береді
12.08.2026, 13:23
Оралда дропперлікпен айналысқан азамат сотталды
12.08.2026, 13:20
Аптап ыстық әзірге қайтпайды
12.08.2026, 13:17
Канадада орман өрті өршіп барады
12.08.2026, 13:15
Әлем халқы Күннің толық тұтылғанын тамашалауға әзірленіп жатыр
12.08.2026, 13:13
Эболадан қайтыс болғандар 2 мыңнан асты
12.08.2026, 13:10
Мажарстандағы студенттеріміз сайлауға белсене қатыспақ
12.08.2026, 13:07
Еліміздегі жастар саны 6 миллиондай
12.08.2026, 13:05