Мәскеу тұрғындары қазақ халқына көңіл айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеу тұрғындары қазақ халқына көңіл айтты

12.06.2023

Жалпыұлттық аза тұту күнінде Қазақстаннның шетелдегі елшіліктері де туды түсірді. Елдің қабырғасын қайыстырған қаралы күнде отандастарымызбен қоса жергілікті тұрғындар да қазақ еліне көңіл айтуда.

Индира Бегайдар, тілші:

Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінде еліміздің көкбайрағы жергілікті уақыт бойынша кеше 21.00 де төмен түсірілді. Мұнда арнайы виртуалды көңіл айту кітабы ашылған. Көрші елдегі отандастарымыз бен жергілікті тұрғындар ғимарат алдына гүл әкеліп, қайғыға ортақтасуда.

Баян Нұрсапарова, Мәскеу қаласының тұрғыны:

Бүгінгі қазалы күнде шетелде жүрген қазақтар қайғырып көңіл айтады. Өте қиын жағдай. Сондықтан шетелде жүрсек те, біз қазақтарға жанашырмыз. Жанымыз өте қиналады осындай хабар келген кезде.

Марина Алексеева, Мәскеу қаласының тұрғыны:

Бұл бәріміз үшін ортақ қайғы. Жаңалықтарды естіп, жүрегіміз ауырды. Көрші мемлекеттегі барша азаматтарға көңіл айтып, сабыр тілеймін. Туларыңыз ешқашан төмен түспесін.

«Бейбіт күнде ата-ананың баласынан, аға-қарындастың бауырынан айырылуы үлкен қасірет»,-дейді келушілер. Ресейдегі Санкт-Петербург, Астрахань, Омбы және Қазан қалаларында орналасқан Бас консулдықтарда да мемлекеттік туымыз төмен түсірілді. Дипломатиялық өкілдіктердің алдына жиналғандар жалпыұлттық аза тұту күні қазақстандықтармен бірге екенін жеткізді.


Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу