Канададағы орман өрті: 4,4 млн га жер күлге айналды
Әлемнің бірнеше елінде алапат өрт болып жатыр. Канададағы орман өрті басылар емес. 4,4 млн гектар аумақ күлге айналған. Британиялық Колумбия провинциясында 2400-ге тарта өрт ошағы тіркелді. Мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілген. Жалынды сөндіруге ыстық ауа-райы мен күшті жел кедергі келтіріп отыр. Тілсіз жаумен күреске Австралия, Португалия, Испания мен Жаңа Зеландия мемлекеттері көмекке келіп, құтқарушыларын жіберді. Осы алапат өрттен тараған түтін АҚШ-тың бірнеше қаласына жетіп, ондағы ауа сапасы нашарлаған. Адам денсаулығына зиянды бөлшектер көбейді. Осыған байланысты тұрғындарға үйде отыру қажеттігі ескертілді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01