Төтенше жағдайлар министрі тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Төтенше жағдайлар министрі тағайындалды

10.06.2023

Абай облысында өрт дес бермей жатқан тұста, Президент Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді қызметінен алды. Ол бұл қызметке 2020 жылдың қыркүйгінде тағайындалған болатын. Ал оның орнына Мемлекет басшысының Жарлығымен Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпханов Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды. Ол еңбек жолында азаматтық қорғаныс жүйесінде түрлі лауазымдар мен басшылық қызметтерді атқарды. 2021 жылдың қыркүйегінен бүгінге дейін – аталған министрлікке қарасты Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының бастығы қызметін атқарды.

Жаңа басшы – Сырым Шәріпхановты Үкімет басшысы Төтенше жағдайлар министрлігінің ұжымына таныстырды. Әлихан Смайылов ведомствоның алдында азаматтық қорғау саласында Мемлекет басшысы мен Үкімет белгілеген бірқатар маңызды міндет тұрғанын атап өтті. Бұл ретте қазіргі уақытта Абай облысындағы ірі табиғи өртті оқшаулау және жою аса маңызды. Сонымен қатар, Премьер-Министр мұндай жағдайлардың алу үшін арнайы шараларды орындау деңгейін арттыру маңызды екенін айтты.


Хабарламаларға жазылу