Абай облысындағы орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысындағы орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды

09.06.2023

Семейде өртті сөндіруге жұмылдырылған 3 орманшы қаза тапты. 11 қызметкер іздестіріліп жатыр. 30 мың гектардан астам аумаққа жайылған орман өртіне байланысты Семейде төтенше жағдай жарияланды. Алапат өртпен күрес жалғасып жатыр. Президент Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге оқиға орнына жедел барып, өрт сөндіру жұмыстарын басқаруды міндеттеді. Үкіметке және аймақ әкімдігіне қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасыларына барлық қажет көмекті көрсету тапсырылды.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу