Австралия өрт құшағында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралия өрт құшағында

11.11.2019

Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс және Квинсленд штаттарында орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Апаттан 3 адам қаза тауып, 150-ден астам үй жанып кеткен. Дегенмен қауіп әлі де сейілер емес. Құрғақ ауа райы мен жел өртті сөндіруге мұрша бермей, оның жылдам таралуына ықпал етуде. Сондықтан халық тығыз қоныстанған қауіпті аймақтардан тұрғындарды эвакуациялау операциясы жүргізіліп жатыр. Өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, жалын елдің оңтүстік-шығысын да шарпып, Сиднейге дейін жетуі мүмкін.

Айта кетсек, Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында орман өрті өткен аптада басталған. Соның салдарынан мыңдаған гектар алқап жанып, мемлекеттік қорықтағы коала санының жартысынан астамы мерт болды.

Жансая Қапасқызы


Хабарламаларға жазылу