Ақмола облысының Атбасар ауданында төтенше жағдай жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысының Атбасар ауданында төтенше жағдай жарияланды

11.04.2024

Ақмола облысының Атбасар елдімекеніне су жетті. Жабай өзені тасыды. Ауданда төтенше жағдай жарияланды. Мұны аудан әкімі Аманбек Қалжанов айтты. Елорда іргесіндегі Жібек жолы ауылындағы тұрғын үйлерге қарғын судан қауіп төнген. Төтенше жағдай мамандары мен жергілікті тұрғындары бірлесіп судың жолын бөгеу жұмыстарын қолға алған. Инертті материалдар дайындаған. Еріктілер де ат салысқан. Жағдай қазір бақылауда. Төтенше жағдай министрлігі елдің солтүстігі мен Абай облысындағы Алтай ауданында тасқынына қарсы күресті күшейткен. Бұл жұмыстарға құтқарушылар мен әскерилер жұмылдырылған.

Динара Жарқынбек


Хабарламаларға жазылу